ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 60 мың тоннадан астам мақта жиналды

0
1 042

​Ауданда биыл 60 676 гектар суармалы жер игерілген.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 60 мың тоннадан астам мақта жиналды

38 185 гектар алқапқа мақта шитін сепкен Мақтаарал ауданының қамбасына 60 мың тоннадан астам ақ алтын жиналған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

60 926 гектар суармалы жері бар Мақтаарал ауданында биылғы жылы 60 676 гектар игеріліп, оған көкөніс, картоп, жоңышқа мен дәндік жүгері, күріш пен маш, бидай және бақша өнімдері егілген. Мұнан бөлек 38 185 гектар алқапқа мақта шитін сепкен. Гектарына орта есеппен 22,9 центнерден мақта алып жатқан шаруалар мақталық алқаптың 70 пайызға жуығын жинап, қамбаға 60 мың тоннаға жуық ақ алтын тапсырған. Аудандағы мақта жинау науқанына қатысып жатқан 144 комбайнның 16-сы биыл алынған.
«Еліміз бойынша қазір қолданыста жүрген тракторлардың 65 пайызының, комбайндардың 46 пайызының пайдалану мерзімі 17 жылдан асқан. Ескі техникаларды пайдалану шығынды көбейтеді және егінді толық жинап алуға мүмкіндік бермейді. Мемлекетіміздің үлкен қамқорлығының арқасында ауданымызға жаңадан комбайндар келіп, жұмысымыз жүріп жатыр. Құдай қаласа өнімді жауын-шашынға қалдырмай толық жинап аламыз деген ниетіміз бар», - деген мақтааралдық шаруалар мемлекеттен жасалып жатқан қамқорлықтарға алғысын білдіруде.
Бірінші терімнің өзінен жақсы өнім алып отырған аудан жұртшылығы биылғы жылғы ауа-райының қолайсыз болғанына қарамастан мол өнім алатындарына сенімді.