ТҮРКІСТАН: Мақтааралда балаларға арналған Наурыз тойы өтті

0
2 094

Қонақтарға арналып жазылған ақ дастарханнан дәм татылып, наурыз көже ұсынылды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда балаларға арналған Наурыз тойы өтті

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен “Мырзакент мүгедек балаларды оңалту орталығында” Наурыз тойы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Мерекеде аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Бауыржан Норбаев балалар мен ата-аналарды, келген қонақтарды мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөліміне қарасты орталықта ұйымдастырылған мерекелік жиында қазақтың ежелгі салт-дәстүрлерінен көріністер қойылып, ел ағалары баталарын берісті. Ал, орталықтың талантты бүлдіршіндері мен ұстаздары өз өнерлерін ортаға салып, көңілді ән-билерімен мереке көркін аша түсті.

Мереке соңында қонақтарға арналып жазылған ақ дастарханнан дәм татылып, наурыз көже ұсынылды. Наурыз мейрамының мән-маңызы, ерекшелігі жайында өнегелі әңгімелер айтылып, жастарға насихат етілді.