ТҮРКІСТАН: Мақтааралда кәсіпкерлердің мәселелерін шешу жолдары талқыланды

0
1 456

Мақтааралдық кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға облыстық кәсіпкерлік және инвестиция тарту басқармасының және облыстық қаржы институттарының басшысылары жауап берді.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда кәсіпкерлердің мәселелерін шешу жолдары талқыланды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы бастаған бірқатар басқармалар мен қаржы ұйымдарының басшылары мақтааралдық кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кездесуге Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов пен орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері мен кәсіпкерлер, шаруа қожалық басшылары қатысты. Негізгі мақсаты кәсіпкерлік саласын дамыту, берілетін несие түрлері мен пайыздық үстемелері жайында кеңінен мағлұмат беру, кәсіпкерлік субъектілерінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын бірігіп талқылау болып табылатын жиын еркін форматта өтті.
Мақтааралдық кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға облыстық кәсіпкерлік және инвестиция тарту басқармасының және облыстық қаржы институттарының басшысылары жауап берді.
Жиын барысында “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Мақтаарал аудандық филиалының директоры Нұргүл Пердебайқызы ауданда тері өндіру ісін қолға алу жайындағы ұсынысын айтып, берілетін несиелердің соммасын көбейту, қаржы мекемелері тарапынан шаруалар кепілге қойған жылжымайтын мүліктердің тым төмен бағалануын реттеу жайындағы өтінішін жеткізді.
“Біз жаттанды баяндаманы оқып, есеп үшін қыдырып келген жоқпыз. Біздер осындағы кәсіпкерлердің кездесетін кедергілерін шешіп, ол кісілерге көмек беру үшін, қаржылық, заңдық көмектер беру үшін келдік. Сіздердің кәсіпкерлікпен айналысқандарыңыз бірінші кезекте отбасылық тұрмыстарыңыздың жақсаруына, екіншіден еліміздің экономикалық дамуына оң ықпал етеді. Сондықтан да, біз сіздерге кез-келген уақытта көмек беруге дайынбыз”, - деген облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев айтылған әрбір мәселе мен өтініш-тілектер бойыншы тиісті жұмыстар жүргізіліп, оң шешімін табатынын айтты.