ТҮРКІСТАН: Мақтааралда "ҚазТрансГаз Аймақ" кәсіпкерлерге 4 миллион теңге айыппұл салған

0
1 095

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалы мен аудандық кәсіпкерлік бөліміне Мақтаарал бір топ кәсіпкерлер газ сатушы монополистің үлкен мөлшерлерде айыппұл салып және төлемдерге өсімақы тағайындап, қысым көрсеткені жөнінде шағымдануға мәжбүр болған.​


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда

Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды

Мақтааралдық кәсіпкерлер «ҚазТрансГаз Аймақ» артық есептеген ақшаларын алмайтынтын болды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалы мен аудандық кәсіпкерлік бөліміне Мақтаарал бір топ кәсіпкерлер газ сатушы монополистің үлкен мөлшерлерде айыппұл салып және төлемдерге өсімақы тағайындап, қысым көрсеткені жөнінде шағымдануға мәжбүр болған.
Кәсіпкерлер палатасы бұл мәселеге бет бұрып мән жағдайларды толық зерделеуге кірісіп, газ сатушы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның кәсіпкерлер арасындағы келісім шарттың талаптары монополистер тарапынан бұзылғаны анықталды.
Мәселен, кәсіпкерлермен бір жылда берілген тапсырыстан толық пайдаланылмаған және артық пайдаланған табиғи газ үшін 4 миллион теңгеден астам соммаға монополистер айыппұл салып, өсімақы есептеген. Келісім-шартта көрсетілмеген айыппұлдар мен өсімақыны кәспкерлер жұмыстары тоқтамау үшін амалсыздықтан ғана төлеп келгені анықталды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін Мақтаарал ауданы бойынша өнірлік кәсіпкерлер Палатасы мен аудандық кәсіпкерлік бөлімі газ сатушы мекемеге бірнеше xаттар жазып, олардың басшыларымен келіссөздер жүргізді.
Нәтижесінде салынған айып пұлдар түгелімен алынып және сол айып пұлдар кәсіпкерлерге алдын ала жылдық төлемі ретінде шоттарына қайтарылатыны жөнінде келісілді.