ТҮРКІСТАН: Мақтааралда ПУИД-2 жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде

0
999

Жоба 3 кезең бойынша жүргізілетін болады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда ПУИД-2 жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Мақтаарал ауданында ПУИД-2 жобасы 3 кезең бойынша жүргізіліп, 223 канал, 208 су қашыртқысы, 149 тік дренаж күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Суармалы жер - мемлекетіміздің алтын қоры десек, ақ алтынымен танымал Мақтаарал ауданына қарасты 61 мың гектарға жуық егістік алқаптың барлығы да суармалы жер екені белгілі.

Соңғы жылдары жер асты суларының тез көтерілуі жердің сорлануына алып барып, аудан шаруаларының мол өнім алуына кедергі келтіріп жүргені үлкен мәселеге айналған еді. Одан қалса коллекторлық жүйелердің тазаланбауы, каналдар мен арық-атыз бетондарының шіруі немесе мүлде болмауы - егістік алқаптарына су жеткізуді қиындата түсті. Міне, мәселені шешу үшін мемлекетіміз қыруар қаржы бөліп, ПУИД-2 жобасының І кезеңін жүзеге асыруды бастап та кетті.

Мақтаарал ауданында ПУИД-2 жобасы 39796 гектар аумақты қамтып, 3 кезең бойынша жүргізіледі. Жоба аясында 223 канал, 208 су қашыртқысы, 149 тік дренаж күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келетін болады.

Жобаның І кезеңі бойынша құрылыс жүргізу үшін әзербайжандық "Акилик Груп" компаниясы 10,086 млрд. теңгені жеңіп алған. Қаржыландырудың 30%-ы Дүниежүзілік даму банкі арқылы, қалған 70%-ы республикалық бюджеттің есебінен жүргізілуде. КомпанияныңдиректорыИлхамМамедов, ал жобажетекшісіПавелГрасмик. Жалпы құрылыс жұмыстары 30 айға жоспарланып отыр.

І кезең аясында Еңбекші және Жаңажол ауылдық округтеріне қарасты ұзындығы 147,18 шақырымды құрайтын К-11, К-13, К-13А каналдары тармақтарымен бірге, 49 дана тік дренаж бен ұзындығы 191,6 шақырымды құрайтын су қашыртқылары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сондай-ақ, аудан орталығы Мырзакент кентінің 4 дана тік дренаждарын жөндеу де қамтылмақшы. Жоба жүзеге асқанда Еңбекші ауылдық округінің 5350 гектары, Жаңажол ауылдық округінің 2650 гектары және Мырзакент кентінің 8000 гектар аумағы жер асты суларынан тазаратын болады.

Иіржар ауылдық округінің 7581 гектары, Бірлік ауылдық округінің 4575 гектары және Жамбыл ауылдық округінің 4291 гектар алқабын жер асты суларынан тазарту ІІ кезең бойынша іске асырылады. Ол үшін 22,123 млр. теңге қаржы қарастырылып, ирандық "Туннель Саад Ариана" компаниясы жеңімпаз болып отыр. КомпанияныңдиректорыБабак Новрузи,жобажетекшісіГоламиБехман. Құрылыс жұмыстары 36 айға жоспарланып отыр.

Жалпы ІІ кезеңде 16447 гектар аумақтағы ұзындығы 337,35 шақырымды құрайтын К-16Б, К-18, К-18А канадары тармақтарымен бірге, 100 дана тік дренаж және 262 шақырымды құрайтын су қашыртқылары ІІ кезең бойынша күрделу жөндеуден өтетін болады.

Айта кетейік, ІІІ кезең бойынша да жеңімпаз анықталып отыр. Израйлдік "Тахал Консалтинг Инжиниринг" команиясы ҚР АШМ Су ресурстары комитетімен келісім шартқа отырғанна соң барып қана бөлінетін қаржы белгілі болады. Жалпы соңғы кезең бойынша 307,928 шақырым канал, 130,391 шақырым су қашыртқылары күрделі жөндеуден өтеді. Құрылыс жұмыстары 36 айға жоспарланған.