ТҮРКІСТАН: Мақтааралда сотты болған азаматтармен тәрбиелік мәні зор кездесу өтті

0
865

Іс-шараның негізгі мақсаты -бостандыққа шыққан жандар арасында құқық бұзушылықтың, басқада қылмыстардың алдын алу болып табылады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда сотты болған азаматтармен тәрбиелік мәні зор кездесу өтті

Мақтарал аудандың полиция бөлімінің мәжіліс залында бұрын өмірінде шалыс қадам басып, сотты болған, қазіргі таңда бостандыққа шығып, жаңа өмір бастап жатқан жандармен өнегеге толы кездесуі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға Мақтарал аудандық соттының төрағасы Құнанбай Мұсаев,аудан прокуроры Жұмағали Ботабеков, ауданның бас имамы Б. Паташовтар мен Мақтарал АПБ-нің әкімшілік аумағында тұратын бұрын сотты болған, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған азаматтар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты -бостандыққа шыққан жандар арасында құқық бұзушылықтың, төтенше жағдайлардың, басқада қылмыстардың алдын алу, сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу, қылмыстың қайталануын болдырмау. Кездесу барысында әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктіліктерін арттыру, жұмыспен қамтылу, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру сынды жағдайларға пайдалы кеңестер берілді. Ең бастысы бұдан кейін қылмыс жасамау турасында профилактикалық әңгімелесу орын алды.

Өз кезегінде сотты болып, бүгінде босап шыққан жандар ол жерге енді барғысы келмейтінін, сол мақсатта дұрыс жұмыс жасап, дұрыс жүріп-тұруға сенетіндерін, соған тырысатындарын жеткізді.

Алдағы уақытта ауданда осындай пайдасы мол іс-шаралар тұрақты түрде іске асырылмақ. Ел ағалары болған азаматтардың өмірін, тәжірибесін көрсете отырып, құқықбұзушылыққа бейім азаматтарды тәрбиелеу жұмыстары үнемі жүргізілетін болады.