ТҮРКІСТАН: Мақтааралда су басқан үйлердің құжатына байланысты мәселе туындады

0
682

1000 АҚШ долларын құрайтын көмекті де алмаған екен.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда су басқан үйлердің құжатына байланысты мәселе туындады

Мақтаарал ауданы Өргебас ауылындағы 195 үйдің 7-еуінде құжаттары жөнінде мәселе туындап отыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Өргебас ауылындағы су басқан 195 үйдің 7-еуінде құжаттары жөнінде мәселе туындаған. Яғни, су алмай тұрып 7 үйдің мүлдем құжаттары болмаған. Бір сөзбен айтқанда, уақытылы заңдастырылмаған. Қазіргі уақытта бұл үй иелерінің құжаттарын рәсімдеуіне көмек беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, өргебастықтық 195 отбасының бәрі дерлік 1000 АҚШ доллларына яғни, өтемақыға құжаттарын түгел тапсырыпты. Оның бүгінде 8 пайызы ғана төленбей тұр. Өйткені бұл құжаттар комиссия қарауында жатыр. Ал 100 мың теңгелік өтемақыға құжаттарды облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасымен бірігіп, құжаттарын түгендеп, комиссияға өткізіп қойған. Жақын күндері аударылады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, үй құрылысынан бөлек, Өргебас ауылында үш көпірді қайта қалпына келтіру, 4 негізгі көшеге тас төсеу, асфальттауға дайындау жұмыстары да қатар жалғасуда. Қазірдің өзінде су тасқынынан ойылып кеткен Мәдениет және Бірлік көшелері қалпына келтірілген. Сондай-ақ, қоқыс және қатты қалдықтарды шығару және үй салу жұмыстарына Жетісай ауданы мен Өзбекстан Республикасынан келген 10 арнайы техника мен 170 жұмысшы тартылған.