ТҮРКІСТАН: Мақтааралда тұрғын депутатты қызметкерімен бірге көлікпен қаққан (видео)

0
1 810

Қолайсыз жағдай ерегістен басталған.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда тұрғын депутатты қызметкерімен бірге көлікпен қаққан (видео)

Мақтааралдық тұрғын депутат пен халық қалаулысы басқаратын мекеме қызметкерін көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданында орын алған бұл жағдайды қоғам белсендісі Олжас Мамыр әлеуметтік желіге жариялады. Оның айтуынша Мақтаарал аудандық маслихатының депутаты Тимур Адамбеков басқаратын тазалық сақтау мекемесі оқиға орын алған гүлзар аумағының тазалығына жауап береді екен. Тиісінше, халық қалаулысы мен қызметкері жұмыс барысында көгалда отбасымен доп ойнап дүрген азаматқа бұлай ойнамау қажет екенін ескерткен.


Ал, тұрғын оларға қарсы сөйлеп, балағаттаған көрінеді. Боқауыз сөзден басталған жағдай ерегіске ұласып, депутаттың араша болғанына қарамастан қызметкер тұрғынға қол көтерген.


Осы жағдайдан кейін тұрғын депутат пен қызметкерін көлікпен қаққан.


Дегенмен, бұл жағдайға қатысты аудан әкімдігінің баспасөз қызметі де, құзіретті органдар да әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Егер, жағдайдың ақ-қарасы анықталып жатса, ол туралы тағы да хабарлайтын боламыз.