ТҮРКІСТАН: Мақтааралда жол апатынан автокөлік каналға аударылып кетті

0
811

Полиция қызметкерлері апаттан зардап шеккен азаматты құтқарып қалды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда жол апатынан автокөлік каналға аударылып кетті

Түркістан облысы полицейлері жол-көлік апатын жасап, каналға құлаған тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мақтаарал АПБ-не жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түседі. Онда Атакент кенті бойындағы су каналында белгісіз көліктің аударылып жатқаны көрсетілген. Осы сәтте, сол аймақта кезекшілікте жүрген полицейлер оқиға орнына шұғыл жетті.

Мақтаарал АПБ ЖПҚ ППТ инспекторлары полиция лейтенанттары Еркін Ақшораев пен Ескендір Жұмабеков келген бетте суда ес-түссіз тұншығып жатқан ер адамды көреді. Өмірін арашалап қалады. Яғни, барлық қажетті іс-шараларды жасап судан шығарады. Содан соң алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел-жәрдем шақырған. Аталған жайт Мақтаарал АПБ-нетіркелген.

Полицейлердің анықтауынша таңғы сағат 8:00 шамасында жергілікті тұрғын өз көлігімен келе жатып, рөлді дұрыс басқара алмай қалған. Осылайша, көлік каналға аударылып түскен. Нәтижесінде жүргізуші есінен танып, суға тұншығып қалған. Абырой болғанда, полицейлер тез арада әрекет етіп, көмек қолын созған.

«Есімді жинасам, полицейлер жағаға шығарып, жағдайымды жасап жатыр екен. Одан кейін, дәрігерлер көмекке келді. Алған жеңіл дене жарақатым үшін ем алып шықтым. Қазір жағдайым жақсы. Бұның бәрі полицейлердің арқасы. Олар менің өмірімді, яғни адам өмірін сақтап қалды. Қызметтеріне сәттілік тілеймін, ризамын»-дейді Түркістан облысының тұрғыны Еділ Дәрібаев.