​ТҮРКІСТАН: Мақтааралда жұмыссыз жандарды кәсіпкерлікке баулыды

0
1 916

10 тоннаға дейін мақта шикізатын тиеп, өздігінен төгуге арналған тіркемелерді шығаратын өндіріс орнында ауыл шаруашылығына қажетті қосалқы бөлшетерді жөндеу, қайта жасақтау жұмыстары да жүргізіледі.


​ТҮРКІСТАН: Мақтааралда жұмыссыз жандарды кәсіпкерлікке баулыды

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Бірлік» ауылдық округіндегі трактор тіркемелерін шығаратын шағын зауытқа кәсіпкерлік саяхат жасалды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталмыш шараға округтегі жұмыссыз жастар мен кәсіпкерлік саласына, өндірістік кәсіпорынға қызығушылық білдірген азаматтар, ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты. Зауыт басшылығы қонақтарды шағын зауыттың негізгі жұмысымен, заманауи үлгідегі жаңа тіркемелердің жасалуы мен құрастырылу цехтарын жолдарымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Айта кетейік, жылына 70 трактордың тіркемесін шығаратын өндіріс орны 16 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Өз идеясының халыққа тиімді екенін дәлелдеп, мемлекеттің қайтарымсыз 225 млн теңге грантын жеңіп алған Нұрлан Нұрбеков бүгінде 11 тіркеме шығарған. Алдағы уақытта аграрлы аймаққа қажетті тіркемелерді шаруаларға тиімді бағада шығаруды еселеуге ниетті.

«Біз бұл саяхатты ұйымдастыру арқылы жұмыссыз жастарды, тұрғындарды кәсіпкерлік пен өндіріс салаларына ынталандыруға ниеттіміз. Өйткені, кәсіпкерлікті дамыту – елдегі жұмыссыздықты төмендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартудың тиімді жолы»,- дейді Мақтаарал аудандық "Жастар ресрстық орталығы" КММ басшысының орынбасары Бағлан Айхынов.

10 тоннаға дейін мақта шикізатын тиеп, өздігінен төгуге арналған тіркемелерді шығаратын өндіріс орнында ауыл шаруашылығына қажетті қосалқы бөлшетерді жөндеу, қайта жасақтау жұмыстары да жүргізіледі.