ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы ауыл әкімдерінің жер заңнамасына "түкіргені" бар ма?

0
1 114


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы ауыл әкімдерінің жер заңнамасына

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында Мақтаарал ауданындағы 4 ауыл әкімінің мәселесі қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиын барысында Жер заңнамасының талаптарын сақтамаған Мақтарал ауданының бірқатар ауыл әкімдері белгілі болған. Олар - Еңбекші ауылы әкімі Б.Агенов, А.Қалыбеков ауылы әкімі М.Битеміров, Мырзакент кенті әкімі М.Ердешов және Атакент кенті әкімі С.Азимов.

Аталған әкімдерге «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылған.