ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы инфрақұрылым жүйелері қалыпқа келтірілді

0
716

24,4 шақырым электр желісі тартылып, 156 жарық шам орнатылған.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы инфрақұрылым жүйелері қалыпқа келтірілді

Мақтаарал ауданындағы инфрақұрылым жүйелері жаңартылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы тасқын судан зардап шеккен елді мекендерде газ жүйелерінің монтаждау жұмыстары 98 пайызға орындалды. Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, мамандар төтенше жағдай орын алған аймақта екі негізгі бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс жұмыстарының сапалы да барлық талаптарға сай жүргізілуін жүктеді. Сондай -ақ, жаңа ауданда жарықтандыруға күш салуды тапсырды. Шағын ауданда ауыз су, кәріз, электр, газ, байланыс, ағын су желілерін құру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, жаңадан бой көтерген ықшам ауданға инженерлік инфрақұрылым жүргізіліліп, Фирдауси, Өргебас, Жеңіс және Жаңатұрмыс елді мекендерінде ауыз су жүйелері қалпына келтіріліп жатыр. Халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 8 шақырымға жуық су жүйелері өткізілген. 24,4 шақырым электр желісі тартылып, 156 жарық шам орнатылған. Электр жүйелерін өткізу жұмыстары 95% жүзеге асқан. Одан бөлек, негізгі тас жолдар мен көше жолдарында асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр.