ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы көпір жарамсыз болып қалды

0
928

Аталған көпір жабылған.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы көпір жарамсыз болып қалды

Мақтаарал ауданындағы бір көпір жарамсыз күйге түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданы, Жаңажол ауылдық округінің аумағында орналасқан Фирдауси және Жеңіс ауылдарының арасын жалғайтын көпір наурыз айындағы толассыз жауған жауынның салдарынан және жер асты суы көтерілуіне байланысты жарамсыз күйге түскен.


Осыған байланысты оқыс оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында көлік құралдары өтпеуі үшін аталған көпір жабылғандығы хабарланды.


Айта кетейік, өткен айда Жетісай және Мақтаарал аудандарында шамадан тыс жаңбыр жауып, көптеген үйлердің ауласын су басып кеткен еді.