ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы құрылыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр

0
867

Мұнда фельдшерлік-акушерлік пунк (ФАП) құрылысы да басталайын деп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы құрылыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр

Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ондағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысын бақылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сай күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен Мақтааралдағы барлық құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда облыс басшысы су басқан Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады және Жаңажол ауылдық округі Өргебас ауылында орналасқан Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебінің құрылысын тексерді.

Атап айтар болсақ, облыстық бюджет есебінен былтыр құрылысы басталған 200 орындық жаңа мектеп биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Сондай-ақ, мұнда фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) құрылысы да басталайын деп жатыр.

"Қысқа мерзімде ауқымды жұмыстар атқарылды. Халықты тіршілікпен қамтамасыз ететін нысандар мен инфрақұрылымдар қалпына келтірілуде. Халықты ертерек баспаларына жайғастыру үшін құрылыс жұмыстары күшейтілді. Жауапты ауған әкімдері, басшылары осында. Құрылысты уақытында аяқтау үшін күн-түн демей еңбек етіп жатыр", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Жалпы көлемі 1256 га құрайтын Өргебас елді мекенінде 209 үй орналасқан. Онда су басқан үйлер бұзылып, аумағы тазартылып, үйлердің іргетасы құйылған. 70 үйдің қабырғасы қаланып, шатырлары жабылып жатыр. Құрылыс жұмысына 613 адам тартылған.