ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы саябақ пен жол құрылысы таяуда бітеді

0
812

Өмірзақ ШӨКЕЕВ: Бірінші кезекте сапа.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы саябақ пен жол құрылысы таяуда бітеді

Түркістан облысының әкімі Мақтааралдағы жауаптыларға бірнеше тапсырма берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі жаңа ауылда салынып жатқан саябақ пен жол құрылысы таяуда толық бітеді. Су шайған Жеңіс, Достық, Жаңатұрмыс елді мекендерінің тұрғындары жақында ауыз суы, сапалы электр жарығы, табиғи газы бар, кәріз жүйесі тартылған, интернеті жалғанған жаңа үйлерге қоныстанады. Осы орайда құрылыс алаңын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді. Ең алдымен құрылыс басында карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс.

«Құрылыс барлық талаптарға сай жүруі тиіс. Бірінші кезекте - сапа. Әр істі аса жауапкершілікпен атқару керек. Құрылыс басында барлық санитарлық талаптар сақталу міндетті»,-деді аймақ басшысы.

Айта кетсек, жаңа ауылда 3 айда 386 үй тұрғызылды. Қазір мұнда көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мөлтек ауданда саябақ пен 2 спорт алаңшалары салынуда. Веложол мен аллея құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал демалыс орнында жасанды көл пайда болады. Атап өтейік, Мырзакент кентіндегі мөлтек ауданда 31 мердігер мекеме тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр. Құрылыс алаңындағы жұмыстарға 1417 адам жұмылдырылған.