ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы жаңа қалашықта балабақша ашылды

0
519

Аумағы – 3 мың шаршы метрге жуық.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы жаңа қалашықта балабақша ашылды

Мақтаарал ауданында 280 орындық балабақша пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Мемлекеттік «Шолпан» бөбекжай балабақшаcы өткен жылы су тасқынынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдарының тұрғындары қоныстанған Мырзакент кентінің жаңа мөлтек ауданында ашылды.


Нысанның ресми ашылу салтанатына Мақтаарал ауданы әкімдігінің басшылығы мен облыстық адами әлеуетті дамту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев арнайы қатысып, жаңа нысанның ұжымына сәттілік тіледі. Айта кетейік, облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен бой көтерген жаңа ғимараттың жалпы құны – 863 млн. теңгені құрады. Аумағы – 3 мың шаршы метрге жуық.


Мемлекеттік бөбекжай заманауи үлгіде толық жабдықталған. Мұнда жатын, дәріс беру, медициналық, ойын, жуынатын бөлмелері мен асханасы бар. Балабақшаның ішкі және сыртқы ойын алаңдары толық абаттандырылған. Бүлдіршіндерді спортқа баулуға баса назар аударылатын болады.


Білікті педагогтар балғындарға тағылымды тәліммен қатар, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйретеді. Арнайы психологтар мен логопедтер қызмет көрсетеді. Бастысы - бала денсаулығыа. Олар тұрақты түрде дәрігер бақылауында болады.