ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық кәсіпкер-меценат 50 отбасыға азық-түлік үлестірді

0
680


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық кәсіпкер-меценат 50 отбасыға азық-түлік үлестірді

Мақтаарал ауданында кәсіпкер-меценат Жантөреев Самат Ибраһимұлы бастаған бір топ азаматтар ауданымыздың аз қамтылған, көмекке мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік пен санитарлық қорғаныш заттарын үлестірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұған дейін де көптеген қайырымдылық іс-шараларына атсалысып жүрген кәсіпкердің бұл алғашқы игі ісі емес.

Самат Ибраһимұлы бұған дейін де Мақтаарал ауданындағы мектеп интернаты мен мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтарын күнделікті қолданатын гигиеналық заттармен қамтамасыз еткен болатын. Бұдан бөлек, көптеген мәдени, спорттық іс-шараларға демеушілік жасап, ауыл жастарын спортқа ынталандырып келеді.