ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық кәсіпкерлер бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырмақ

0
1 788

Әр елдің үздік жобалары таныстырылған табысты кәсіпкерлердің басқосуына қатысқан мақтааралдық 13 кәсіпкердің 7-еуі көршілес елдермен тиімді келіссөздерге қол жеткізді.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық кәсіпкерлер бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырмақ

Өзбекстан астанасында өткен түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық форумында мақтааралдық кәсіпкерлер бірнеше келіссөздерге қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия, Өзбекстан мен Венгрия елдерінен 500-ге тарта ірі кәсіпкерлері бас қосқан түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне елімізден 150 делегат қатысты. Форум барысында мемлекеттер арасындағы экономикалық әріптестікті нығайту, сауда-саттық саласын дамыту, шағын және орта бизнес саласын жолға қойып, кәсіпорындардың өзара ынтымақтастығын қалыптастыру жолдары талқыланды. Түрлі ұсыныс-пікірлер айтылып, тәжірибе алмасу жолдары талқыланды.
Әр елдің үздік жобалары таныстырылған табысты кәсіпкерлердің басқосуына қатысқан мақтааралдық 13 кәсіпкердің 7-еуі көршілес елдермен тиімді келіссөздерге қол жеткізді.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мақтаарал аудандық филиалының директоры Нұргүл Әбдіразақованың айтуынша алдағы күндері мақтааралдық «Soldatus» ЖШС-нің асфальты Жызақ-Самарқанд бағытында салынып жатқан өзбекстандық автомагистраліне төселсе, Әзербайжан елінен перде-жалюздер дайындайтын цехты Мақтааралдан ашу және Жетісайдың кір сабындарын Әзербайжан рыногына шығару, түрік кәсіпкерлерімен бірігіп маусымдық аяқ киімдер шығару, мейрамхана, қоғамдық қызмет көрсету салаларымен қатар құрылысқа қажетті сапалы арматуралар өндіру, қоқыстарды қайта өңдеу сынды ауқымды жобалар жүзеге асырылатын болады. Бұл бағыттар бойынша тиісті кәсіпорындар бір-бірімен тәжірибе алмасып, келісім-шарт жасасуға дайын екендіктерін білдірді.