ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық жастар арасында "Денсаулық фестивалі" өтті

0
1 759

"Денсаулық фестиваліне" Мақтаарал аграрлық колледжінің 500-ден астам студенттері қатысты. Олар «Салауатты өмір салтын сақтау – болашақты жақтау» айдарымен өткен шараны стадионды айналып жүгіруден бастаған қатысушылар арқан тартыс, кермеге тартылу, гір тасын көтеру және қол күресі сынды спорттың түрлерінен сайысқа түсті.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық жастар арасында

Бүгін Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» стадионында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен спорттық шаралардан сайыс болып өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мақтаарал аграрлық колледжінің 500-ден астам студенттері мен ұстаздарының қатысуымен өткен шарада колледждің оқу-өндірістік саласы бойынша орынбасары Нұрман Әліпбеков пен «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев сөз сөйлеп, барша қатысушыға денсаулық, сайыстарда жеңіс тіледі.

«Дүниежүзілік денсаулық күні» аясында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және бойларын зиянды әдеттерден аулақ ұстауға үйрету мақсатындағы «Салауатты өмір салтын сақтау – болашақты жақтау» айдарымен өткен шараны стадионды айналып жүгіруден бастаған қатысушылар арқан тартыс, кермеге тартылу, гір тасын көтеру және қол күресі сынды спорттың түрлерінен сайысқа түсті. Тек сайысып қана қоймай дені сау адам ғана қоғамның толыққанды мүшесі бола алатындығын ұрандаған жастар арасында үздік шығып, жеңіске жеткен жастар аудандық «Жастар ресурстық орталығының» арнайы дипломдарымен марапатталды.