ТҮРКІСТАН: Мақтааралдықтардың 75 пайызы дауыс беріп үлгерді

0
1 531

"Ақ алтынды" аймақ жұртшылығы жауапты іске бір кісідей атсалысты.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдықтардың 75 пайызы дауыс беріп үлгерді

Тарихы қалың, тағдыры терең еліміздегі өткізіліп отырған кезектен тыс Президент сайлауында Мақтараалдықтардың 75 пайызға жуыға дауыс беріп үлгерді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ертеңін ойлаған ел үшін бүгінгі жеткен жетістіктерімізге аз күш жұмсалған жоқ. Ол үшін бейбітшілік қажет. Ал, бүгінгі елдегі тыныштық пен ұлт аралық татулық әрбір отбасының шаңырағының шайқалмауының, түтінінің түзу шығуының басты өлшемі.
Құбылмалы заманда құбылысынан жаңылмай әлемді мойындатқан Қазақстан үшін сайлау елдігімізге қызмет етіп, бірлігімізді нығайтары сөзсіз.
Күн санап қарыштап дамып, әлемнің алпауыт мемлекеттерімен иық тіресе алатын дәрежеге жеткен Қазақстандықтар үшін бүгінгі күн ерекше. Бұл елдің, ұлттың болашағына жаңа қадам жасар ерекше де жауапкершілікті күн. Қабылданған стратегиялық бағдарламаларды шынайы ықыласпен қабылдап, Елбасына қолдау көрсетіп келе жатқан ақ алтынды аймақ жұртшылығы жауапты іске бір кісідей атсалысып, 75 пайызға жуығы сайлау учаскелерінде дауыс беріп үлгерді.
Осындай тарихи оқиғаға бір кісідей қатысып, өз таңдауларын дұрыс жасау, күн санап қарыштап дамып келе жатқан әлем мойындаған Қазақстанның болашағына бей-жай қарамауы әрине маңызды. Өйткені, бүгінгі таңдау – ел ертеңін, ел болашағын шешетін жауапты таңдау.