ТҮРКІСТАН: Мақтааралдың төтенше жағдайлар бөлімі жаңа техникалармен толықты

0
1 262

Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөліміне арнайы өрт сөндіру техникасы берілді.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдың төтенше жағдайлар бөлімі жаңа техникалармен толықты

Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі арнайы өрт сөндіру техникасымен толықтырылып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан обылысының төтенше жағдайлар департементі тарапынан Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөліміне "Камаз АЦ-8-70" маркалы өрт сөндіру көлігі және аудан әкімдігі тарапынан МП-80 маркалы 6 дана мотопомпалар берілді.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүлкін қорғау, табиғи және өзге апаттар жайында дер кезінде хабарлап, оның алдын алуда төтенше жағдай қызметіне артылатын жауапкершіліктің жүгі ауыр. Сондықтан, бұл саланы соңғы үлгідегі құтқару құралдар-жабдықтарымен қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл мәселені жергілікті атқарушы билік үнемі назарда ұстап келеді.