ТҮРКІСТАН: Машаттағы ауыз су жүйесі толығымен жаңартылып жатыр

0
905

Жаңарту жұмыстары бүгінгі таңда 60 пайыздан асып отыр.


ТҮРКІСТАН: Машаттағы ауыз су жүйесі толығымен жаңартылып жатыр

Ауыз су жүйесін жаңарту жұмыстары бүгінгі таңда 60 пайыздан асып отыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдараламасы» шеңберінде әлеуметтік, инженерлік-көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бағыттары бойынша Түркістан облысы Түлкібас ауданында 6 нысанның құрылысы мкен жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі Машат ауылдық округіне қарасты Машат ауылының ауыз су жүйесін қайта құру. 2020 жылдың мамыр айында бастау алған ауыз су жүйесін жаңарту жұмыстары бүгінгі таңда 60 пайыздан асып отыр.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы бастама көтеріп, оның барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өткен еді. Осыған орай Түлкібас ауданында тұрғындар тарапынан көтерілген әр-бір мәселе назардан тыс қалмай, маңыздылығына қарай кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.