ТҮРКІСТАН: Мәуліт кешінде 4 мұқтаж отбасыға баспана табысталды

0
510

ҚМДБ жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: Мәуліт кешінде 4 мұқтаж отбасыға баспана табысталды

Түркістанда «Шапағатшым бір өзіңсің Мұхаммед» тақырыбында Мәуліт кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Шапағатшым бір өзіңсің Мұхаммед» тақырыбында Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті. Адамзаттың асылы саналған Пайғамбардың туған күні ұлықталған шарада ҚМДБ жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 4 жанұяға баспана кілті берілді.


Келелі кездесуде облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ, театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, салауат айтылды.


«Мәуліт мерекесі құтты болсын ардақты әлеумет! Бүгінде күллі адамзат баласы Пайғамбарымыздай тұлғаға аса мұқтаж. Оның мейірімділігі мен сүйіспеншілігіне зәру. Біздер екі дүние сардары Мұхаммедтің (с.а.с) қиямет күнінде шапағатшы болуын тілеуіміз керек. Алла Тағала елімізге тыныштық, отбасыларыңызға амандық берсін»,- деді Еркебұлан Ыбрайымұлы.


Діни жиында теолог, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев сахабалардың ғибратты ғұмыры туралы кеңінен тоқталды. Өз кезегінде қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Марат Омаров пен Сәкен Майғазиев әннен шашу шашып, сахна көркін қыздырды.