ТҮРКІСТАН: Мейрамбекті Жетісайдың әкімі марапаттады

0
1 690

Әкім Мейрамбектің ата-анасына да алғыс хат табыстады.


ТҮРКІСТАН: Мейрамбекті Жетісайдың әкімі марапаттады

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев 2 жасар баланы өлімнен арашалап қалған жетісайлық 11 жасар Мейрамбек Бекназарға алғыс хат табыстап, сый-сияпат көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізге сала кетсек, бұл оқиға осы жылдың 2 сәуір күні сағат Жетісай қаласы А.Қалыбеков көшесінде орын алған болатын. 2 жасар ойын баласы №57 тұрғын үйдің сыртында орналасқан кәріз жүйесінің шұңқырына абайсызда құлап кеткен. Осы мезетте 5-сынып оқушысы Бекназар Мейрамбек еш ойланбастан құдықтың ішіне түсіп, лас су мойын тұсына келгеніне қарамастан, суға тұншығып жатқан 2017 жылы туған 2 жасар Бақытбек Сабыржанды су тола шұңқырдан аман алып шығады.

Мейрамбек құтқарып қалған С.Бақытбек тез арада аудандық ауруханаға жеткізілген, қазіргі таңда оның денсаулығы жақсы, ем қабылдауда.

Айта кеткен жөн, бүлдіршіннің өмірін арашалап қалған Мейрамбек Мұсаұлы Жетісай қаласындағы №2 Шоқан Уәлиханов мектебінің 5 «а» сыныбында оқиды.

Әкім қабылдауына Мейрамбектің ата-анасы да арнайы шақыртылып, оларға аудан әкімінің атынан алғыс хат табысталды.

Дереккөз: Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі
фото: Қ.Әуелбеков