ТҮРКІСТАН: ​"Мектепке жол" акциясы үш ай бойы өтеді

0
1 719

Биыл шілденің басынан басталған акция, қыркүйек айының соңында аяқталмақ.


ТҮРКІСТАН: ​

Түркістан облысында мектепке жол акциясы басталды- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.М. Садықова мәлімдеді.
2019-2020 оқу жылында көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік көмекпен қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл шілде айынан басталып отыр.
Акцияның мақсаты- аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету болып табылады.
Өткен 2018-2019 оқу жылында акция барысында облыс бойынша 25509 аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жалпы 201 млн 456 мың 101 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген. Оның ішінде 3807 балаға бюджет қаражаты есебінен- 483 251 теңгеге, қалған 21702 балаға бюджеттен тыс демеушілер қаражаты есебінен – 200 млн 972 мың 850 теңгеге материалдық көмек көрсетілген.
Биыл шілденің басынан басталған акция, қыркүйек айының соңында аяқталмақ.