Түркістан: Мектепті жылытамын деп, уланып қалған қызметкер есін жиды

0
1 172

Шардара ауданындық ауруханасына ауыр халде жеткізілген жұмысшы өзіне келіп, сөйлей бастады.


Түркістан: Мектепті жылытамын деп, уланып қалған қызметкер есін жиды

Түркістан облысында мектепті сұйық отынмен жылытпақ болып, уланып қалған жұмысшы есін жиды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1993 жылы туған науқас мұнай өнімдерінен токсикологиялық уланудың ауыр түрі және бас миының токсикологиялық ісінуі диагнозымен Түркістан облысы Шардараауданындық ауруханасына келіп түскен болатын. Аспирациялық ауру белгісімен жатқызылған тұрғынның жағдайы өте ауыр еді. Сондықтан жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қазіргі таңда науқас есін жиып, жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлердің дер кезінде ем көрсетуінің нәтижесінде ол сөйлей бастады.

Айта кетейік, өткен аптада Түркістан облысында мектепті сұйық отынмен жылытпақ болған екі жұмысшы уланып қалған болатын. Олардың бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілсе, екіншісі оқиға орнында қайтыс болған. Шардара аудандық ауруханасының дәрігерлері жанар-жағар май бекетінің жұмысшысының жағдайын ауыр деп бағалаған болатын.

дереккөз: Түркістан облысы ДСБ баспасөзі