ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік инспектор Отырар ауданына барды

0
857

Атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік инспектор Отырар ауданына барды

Мемлекеттік инспектор Отырар ауданына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы Бақыт Жаханов Отырар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, ауыл шаруашылығы бағытындағы жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін атап өтіп, 2022 жылы іске асырылатын инвестициялық жобаларды таныстырды.


Сонымен қатар, Қоғам ауылындағы «Отырар-Құрал» ЖШС-нің қарқынды бау шаруашылығын аралап көріп, шаруашылық басшысы Наятулла Бөрібаевпен тілдесті. «Отырар-Құрал» ЖШС-не тиесілі жалпы жер көлемі 50 гектарды құрайды. Бүгінде оның 25 гектарына 41000 мың көшет егіп, алғашқы өнімін алып та үлгерген. Аталған шаруашылықта 5000 дана ред делишес, 10000 дана голден делишес, 7000 дана гала, 10000 дана гренни смит секілді алма көшеттерімен бірге, 4200 дана персиковая рассада, 2860 дана нектарный сабинг, 1000 данадан слива, абрикосовое дерево, 100 дана питомник растений сүйекті дақылдары егілген.


Сондай-ақ, ауданның брендіне айналған «Маяқұм шұбаты» өнімін өндіретін нысанның бірі - «Отырар сүт-ет» кәсіпорны. Аталған кәсіпорын 2013 жылы «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында іске қосылған. Жылына 550 тонна шұбат, 151 тонна сүт, 132 тонна айран өнімдерін шығаруға қауқарлы. Шұбат цехында 12 адам жұмыспен қамтылған.


Бақыт Дүйсенұлы жұмыс сапары барысында кәсіпкерлікті дамыту бағытында туындайтын өзекті мәселелерге назар аударып, ауыл шаруашылығы саласы бойынша айтылған ұсыныс-пікірлерді тыңдады. Мемлекеттік инспектор ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.