ТҮРКІСТАН: "Менің кәсібім" жобасы кәсіпкерлікті жандандыруға серпін берді

0
678

Бұл аз қамтылған отбасыларға жәрдем көрсету мақсатында қайтарымсыз қолдау.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан өңіріміздегі 500 мыңға жуық жастың 80 пайызы ауылда тұрады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Айжани Нұрланованы Түркістан қаласына іссапары аясында, қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев пен "Халықты жұмыспен қамту орталығының" директоры Ерғали Балабеков қаланың әлеуметтік жағдайымен таныстырды.

Облыстық жастар ресурстық орталығында жас буынмен кездесу барысында өңіріміздегі 500 мыңға жуық жастың 80 пайызы ауыл жастары екені жайлы ақпарат берілді. Олар ауылшаруашылығын насихаттау мақсатында сайысқа түсіп, мақта теру науқанына да белсене атсалысады.

Айжани Адайқызы еліміздің әлеуметтік саласының жақсаруына жастардың үздіксіз белсенділік танытып жүруінің де маңызы зор екендігін, сонымен қатар, өз құқықтарын қазірден қорғау қажеттігін баса айтты.

"Менің кәсібім" жобасы аясында жас кәсіпкерлерге арналған, аз қамтылған отбасыларға жәрдем көрсету мақсатында қайтарымсыз қолдау ұйымдастырылғаны белгілі. Жоба қаржылай емес, кәсібінің жоспарына сәйкес техникалық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді көздеген. Сондай жанның бірі қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағытына 2019 жылы тіркеліп Грант ұтып алған жан. Қазіргі таңда бизнес жоспарына сәйкес, наубайхана құрал жабдықтарын алып, бағдарламаның талабына сәйкес 2 тұрақты жұмыс орнын ашып, өз ісін әрі қарай жүргізіп отыр. "Нан берекесі бар кәсіп, саудасы әрқашан жүріп тұрады. Кәсібіңіз өрге домалай берсін, сәттілік тіледім!", - деген А.Нұрланова орталық қызметкерлерімен де танысып, пандемия кезінде аянбай еңбек еткендері үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар, 2017-2021 жылдарға арналған жол картасы бойынша жұмысқа жіберілген құрылысшылармен кездесіп, қаланың даму жолында жасап жатқан қызметтеріне ілтипатын білдірді.