ТҮРКІСТАН: Министрге Қазығұрттың даму барысы таныстырылды

0
768

Министр өңірлерді аралау барысындағы ұсыныстар, жобалар бойынша жұмыс атқарылатынын мәлімдеді.


ТҮРКІСТАН: Министрге Қазығұрттың даму барысы таныстырылды

Ұлттық экономика министрі Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Нұралхан 24 ақпан күні Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен келді.


Алдымен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 217,4 млн. теңге қаржыға ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, 2022 жылы қайта пайдалануға берілген Жаңабазар ауыл округінде орналасқан №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барып, жұмысын бақылады. Қазіргі таңда мұнда 11 спорт түрінен жалпы саны 705 бала жаттығып жатыр.


Іссапардың жалғасы Шарбұлақ ауыл округінде орналасқан, жылына 5000 тонна алма өнімін беретін, жоба құны 3 млрд. теңгені құрайтын «Береке Агро» ауылшаруашылық өндірістік кәсіпорынында жалғасты. Мұнда ауыл шаруашылығы техникалары, алма бауы және өнім түрлері таныстырылды.


Аталмыш шаруашылық 2016 жылы құрылған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 150 гектарды құраса, соның ішінде 120 гектарына бау-бақша өсіп тұр. Шаруашылықта 100 адам тұрақты, 100 адам маусымдық жұмыс істеп, алма өнімінің 4 түрін өсіреді. Жалпы саны 24 дана техникамен жабдықталған.


Министр өңірлерді аралау барысындағы ұсыныстар, жобалар бойынша жұмыс атқарылатынын мәлімдеді.