ТҮРКІСТАН: "Мобильді робототехника" бойынша чемпионат өтті

0
455

Бұл чемпионаттың негізгі мақсаты - Түркістан облысында өндірістік база құру үшін жастарды тартып қала инфрақұрылымын жаңғырту.


ТҮРКІСТАН:

Түркістанда "мобильді робототехника" бағыты бойынша жолдастық чемпионат өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында жастар арасында IT технологиялар мен робототехниканы дамыту мақсатында Алматының "DOSTI" инновациялық орталығы "Dosti Түркістан" Түркістан филиалының көмегімен "мобильді робототехника" бағыты бойынша бойынша жолдастық чемпионат өткізді.


Бұл чемпионаттың негізгі мақсаты - Түркістан облысында өндірістік база құру үшін жастарды тартып қала инфрақұрылымын жаңғырту. Сондай-ақ жас ұрпақтың IT әзірлемелерге қызығушылығын арттырып кадр резервін дамыту.


Чемпионатқа "мобильді робототехника" бағыты бойынша Алматы және Шымкент қалалары, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Түркістан облысы және Шығыс Қазақстан облысының World Skills өңірлік чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты. Ал "электроника" бағыты бойынша Алматы қаласы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Маңғыстау облысы және Түркістан облысының World Skills өңірлік чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты.