ТҮРКІСТАН: Мобильді топтардың жұмысы күшейтілді

0
1 263

115 азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес хаттама толтырылған.


ТҮРКІСТАН: Мобильді топтардың жұмысы күшейтілді

Арыс қаласында карантин талаптарын қадағалайтын топтардың жұмысы күшейді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен кездесті. Басқосуда атқарылған жұмыстардың есебін тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді. Жалпы Арыс қаласы бойынша 2020 жылы 181 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталса, 2021 жылы бұл дертпен ауырғандардың саны қазіргі таңда 23-ке жетіп отыр. Қала мен шаһар аумағында карантин режимінің сақталуын қадағалайтын 8 мобильді топ құрылған. Биылдың өзінде жыл басынан карантин режимін бұзған 115 азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес хаттама толтырылған.

Жиында қала әкімі аталған дертпен ауырғандар санының артуына байланысты жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды. Атап айтқанда, Арыс қаласындағы мониторингтік топтардың жұмысын жүйелі түрде жүргізіп, жандандыру керектігі туралы нақты тапсырма берді. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, дауыс зорайтқыш арқылы қала тұрғындары көп шоғырланатын орындарда коронавирустың алдын алу шараларын хабарлау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Гүлжан Мамытқызы өз сөзінде індет жұқтырғандардың барынша нақты есебін алу - вируспен күрестің басты талабы екенін айтты. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарын індеттің алдын алу шараларына толық дайын болуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Індетпен күресу үшін шұғыл күш жұмылдыруға және құралдармен жабдықтауға дайын болуы қажеттігін жүктеді. Коронавирус індетімен қатты ауырған науқастарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жетіспеушілігінің алдын алу, шаралар қабылдау үшін ұсыныс енгізуді тапсырды.

Қала әкімі қоғамдық орындардағы санитарлық жағдай және азаматтар көп шоғырланатын жерлердегі әлеуметтік қашықтықтың сақталуына кәсіпкерлермен қатар ішкі істер саласының қызметкерлерінің жауапты екенін ескертті. Сөз соңында пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.