ТҮРКІСТАН: Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін спорт алаңшасы салынды

0
845

Футбол формасының толық жинытығы мен доптар тарту етті.


ТҮРКІСТАН: Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін спорт алаңшасы салынды

Төлеби ауданында жаңа спорт алаңшасы ашылды,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков демеушілігімен ел аумағында спорт алаңшалары салынуда. Солардың бірі - Түркістан облысы Төлеби ауданы, Тасарық ауылдық округіне қарасты «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт алаңшасы. Заманауи етіп салынған спорт алаңшасының ашылуына Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Айтхожин Азамат Серікұлы арнайы келіп қатысып, балаларды қуаныштарымен құттықтады. Сонымен қатар барлық балаларға футбол формасының толық жинытығы мен доптар тарту етті.

Төлеби ауданының қала, ауылдық округтерінде 8 айда атқарылған істердің нәтижесі шығарылып, алдағы жоспарлар зерделенді. Осы орайда аудан әкімі Бауыржан Омарбеков қала, ауылдық округтері әкімдерінің 2020 жылдың 8 айында атқарған жұмыстарының есебін тыңдады. Есепті жиындарға аудандық мәслихат хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан және ардагерлер ұйымдарының төрағалары қатысты. Қала, ауылдық округ әкімдері есеп беру барысында әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістерге тоқталып, атқарылатын істердің жоспарын айтып өтті. Карантин талаптары сақталып өткізілген мәжілістерде зиялы қауым өкілдері тұрғындар атынан ұсыныстар, сұрақтармен бөлісті.

Сонымен қатар атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы істерге сәттілік тіледі. Жиындарды қорытындылаған аудан басшысы Бауыржан Бақытұлы барлық ұсыныс-тілектер назардан тыс қалмайтындығын, оң шешімін табатындығын жеткізді.