ТҮРКІСТАН: Мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттері үлестірілді

0
744

Демеушілер есебінен тұрақты түрде қолдау көрсетіліп отырады.


ТҮРКІСТАН: Мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттері үлестірілді

Сарыағашта 7 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Дүниежүзілік мүмкіндігі шектеулі жандар күні» аясында Сарыағаш ауданы әкімдігінің бастамасымен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілер есебінен азық-түлік себеттері үлестірілді.


Аталған игі іске «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Ибрагимова, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашова қатысты. Бұған дейін де айтулы күн аясында ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға демеушілер есебінен көмек көрсетіліп, азық-түлік себеттері үлестірілген.Шара соңында мүмкіндігі шектеулі жандар осындай игі іс шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.


Айта кетсек, Сарыағаш ауданында 7 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Атап айтқанда 1-топ 533 мүгедек, ІІ-топ 2520 мүгедек, ІІІ-топ 2988 мүгедек, 1075 адам-16 жасқа дейін мүгедектігі бар балалар. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде 4 мыңға жуық мүгедекке тиісті мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Оның ішінде: 400-ге жуығы тұрақты есепте тұр.


Осы орайда, аудандағы тұрмысы төмен мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балаларға демеушілер есебінен тұрақты түрде қолдау көрсетіліп отырады.