ТҮРКІСТАН: Мырзакенттің әкімі тағайындалды

0
2 151

Мамыр Бейсенбаев Мақтаарал ауданы әкімінің өкімімен Мырзакент кенті әкімінің міндетін уақытша атқарады.


ТҮРКІСТАН: Мырзакенттің әкімі тағайындалды

Мамыр Бейсенбаев аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Мырзакент кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов Мырзакент кенті әкімі аппаратының ұжымына жаңа басшыны таныстырып, алдағы ісіне сәттілік тіледі.
«Мырзакент – ауданымыздың бет-бейнесі. Аудан орталығы қазіргі заман талабына сай келбетке ие болуы керек. Сондықтан, мұнда атқарылуы керек жұмыстар өз кезегін күтіп тұр. Кентте көріксіз көше бойлары мен ғимараттарды әрлеу, иесіз жүрген малдармен және санитарлық тазалықты сақтаудағы жұмыстарды жандандыру қажет. Сондай-ақ, ірі құрылыс нысандарын салып, көп қабатты тұрғын үйлердің, мектептер мен спорт нысандарының санын көбейту керек. Көшелерді асфальттеу мәселесі де шет қалмауы тиіс» - деді Бақыт Насырханұлы.
Айта кетейік, Бейсенбаев Мамыр 1961 жылы Мақтарал ауданы Қарақай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1985 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы «Жетісай ауыл құрылыс» тресіне қарасты «Құрылыс заттары» зауытында бас технолог болып бастап, инженер, бас инженер, зауыт директоры қызметтерін абыроймен атқарған.
1998-2005 жылдары аралығында «Қуат-Жетісай құрылыс» ЖШС-де бас инженер болып еңбек етті. 2005-2018 жылдары аралығында «Оңтүстік-Жарық Транзит» ЖШС-не қарасты Мақтарал аудандық бөлімшесінде техник, инженер, жетекші инженер және Шардара ауданы электр желісі бастығының орынбасары қызметтерін атқарып, 2018 жылдың мамырынан бастап осы уақытқа дейін «Мақтаарал» футбол клубы директорының орынбасары болған.
Дереккөз: Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі