ТҮРКІСТАН: Наурыз мерекесін тойлау басталды

0
2 279

Бүгін түркістандықтар "Көрісу күнін" кең көлемде атап өтті.


ТҮРКІСТАН: Наурыз мерекесін тойлау басталды

Түркістанда Наурыз мерекесі басталды – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін түркістандықтар "Көрісу күнін" кең көлемде атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Көрісу» дәстүріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Онда ақжарма ақ тілектер айтылып, көпшілік бір бірімен көрісті. Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы М.Каденова мен Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет Исабек көпшілікті Әз наурыз мерекесімен құттықтады.
Іс шара концерттік бағдарламалармен жалғасты.
Атап айтарлығы Түркістандықтар биыл наурыз мерекесін 9 күн бойы тағылымды шаралармен атап өтеді.