ТҮРКІСТАН: Несиені мақсатсыз жұмсайтындар айыппұл төлейді

0
1 974

Оңтүстік» АИО мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы берілетін несиелердің басты мақсаты –кәсіпкерлерді қолдау. Сол несиені мақсатсыз пайдаланушылар келісім шартты бұзған болып саналып, айыппұл төлеуге мәжбүр болады.


ТҮРКІСТАН: Несиені мақсатсыз жұмсайтындар айыппұл төлейді

Кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген несиені алып, той жасап, үй сатып алушылар да бар. Бұл жайында «Оңтүстік» АИО басқарма төрағасының орынбасары Тимур Әбілдинов пен «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Данияр Арынғазин айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өкінішке орай, жауапкершілігі төмен несие алушылар арасында талаптарды біле тұра үй сатып алатындар, той жасап жіберетіндер бар екен. Алған несиесін мақсатты жұмсап, дегенмен төлеу жағында тұтынушы тараптан мәселе туындаған жағдайды қаржы ұйымы ондай жайтты жан-жақты қарастырып, жағдайды сараптама жасап, тұтынушының төлей алмайтындығына толық көз жеткізген соң, төлеу уақытын шегеріп береді. Ал, ақшалары бола тұра мерзімінде несиесін төлемегендерге қатаң шара қолданады екен.

Қазіргі «Оңтүстік» АИО мен «Ырыс» Микроқаржы ұйымының бас кеңсесі Түркістан қаласында жұмыс жасап жатыр. Ашылғанына 10 жыл болған қаржы ұйымдары бүгінге дейін кәсіппен айналысамын деушілерге жеңілдетілген несие беріп, көптеген жұмыс орындарының ашылуына себеп болған.