ТҮРКІСТАН: "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XLIII конференциясы өтті

0
651

Саяси кеңес және бастауыш партия ұйымдары ұсынған делегаттар тізімін бекіту қаралды.


ТҮРКІСТАН:

"Nur Otan" партиясы Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс XLIII конференциясы өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Партия филиалының төрағасы Рашид Абатұлының төрағалығымен өткен конференцияның күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасын бекіту, пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, партиялық тізімді бекіту және аталған конференцияға партия қызметкерлері, саяси кеңес және бастауыш партия ұйымдары ұсынған делегаттар тізімін бекіту қаралды.

Үміткерлер пікірталас барысында өз бағдарламаларын баяндай отырып, қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл орайда, халық аузында жүрген көптеген мәселелер талқыға түскені әр қатысушының халық үніне құлақ асып жүргенін білдірді.

Келесі кезекте, арнайы бөлмеде арақашықтықты сақтай 15 компьютер орнатылып, кезек кезегімен дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды.

Конференция соңында сөз кезегі Түркістан қаласы әкімі, "Nur Otan" партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасыРашид Аюповқа берілді. Ол өз сөзінде "2018-2020 жыл Түркістан қаласы үшін өте маңызды жылдар. Осы жылдары атқарылған жұмыс пен жаңалықтар көп болды. Партияның да халық өмірін жақсарту аясында, қашан да халықтың ой пікірін тыңдай, ақылдаса жұмыс жүргізуге қандай да мүмкіндігі бар. Осы тұрғыда жерлестерімізге жеңіл болуы үшін, 109 қызметі де қосылуда. Жалпы білім, денсаулық, қауіпсіздік салаларында қажетті қосымша іс-шаралар жоспарланған. Мәселен, жақын болашақта Түркістан қаласында бірнеше халықаралық деңгейдегі білім орталықтарын ашу аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ендігі, мақсатымыз, тілегіміз, ниетіміз бір, болып, халық игілігі мен ұрпақ болашағы үшін әлі де бірлесе жұмыс атқарамыз деп сенемін" - дей келе, бірнеше жаңалықтармен бөлісіп, өз сөзін баршаға сәттілік тілеумен аяқтады.