ТҮРКІСТАН: Облыс басшысы Мақтааралдағы қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

0
761

Үй құрылысын жылдамдату мен аулаларды қоқыстан тазарту, жол жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Облыс басшысы Мақтааралдағы қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іссапар барысында облыс әкімі алдымен Жаңажол ауыл округіне қарасты су тасқынынан зардап шеккен Өргебас елдімекенін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда мұнда 209 үйдің 184-інің иелерімен келісімшарт түзіліп, 184 оларға 8,5 млн. теңгеден қаржы аударылған. Жалпы бүгінгі күнге дейін бұзылған үйлердің саны 145-ке жетіп отыр. Аталған 145 үйдің аумағы тазартылып, іргетасын құю жұмыстарына дайындалған. Ал 122 үй іргетасы құйылып, 31 баспананың қабырғасы қалануда.

Атқарылған жұмыстармен танысқан Өмірзақ Естайұлы үй құрылысын жылдамдату мен аулаларды қоқыстан тазарту, жол жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Айта кетейік, Өргебас ауылына Жетісай ауданы жауапты боп бекітіліп, мұндағы жұмыстарға 613 құрылысшы тартылған.

Сондай-ақ, облыс әкімі Фирдауси ауылына ат басын бұрды. Мұнда да құрылыс жұмыстары қарқын алған. Қазіргі таңда Фирдаусидағы 340 үйдің 277 баспана иелерімен келісімшарт жасалып, бәріне дерлік 8,5 млн теңгеден аударылған. Мұнда 133 үйдің іргетасы құйылып, 17 үйдің қабырғасы қаланып жатыр және 1 үйдің шатыры жабылуда.