ТҮРКІСТАН: Облыс халқының 97 пайызнан астамы МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған

0
1 400

"Шартты түрде сақтандырылмаған" санатында облыс халқының 2,4% құрап отыр.


ТҮРКІСТАН: Облыс халқының 97 пайызнан астамы МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір азамат жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындығын қамтамасыз ету үшін жедел өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік штаб отырысы өтті. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев аймақтағы жасалып жатқан жұмыс барысына тоқталды. Жалпы, облыс халқының 97,6% - ы қазіргі таңда МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған. "Шартты түрде сақтандырылмаған" санатында облыс халқының 2,4% - ы немесе 47 мыңға жуық адам бар, олар бойынша мәртебені өзектендіру жұмыстары жуық арада аяқталады. Жалпы, барлық азаматтар медициналық сақтандыру жүйесінде тиісті көмектерді алуына қажетінше жағдай жасалады. Бүгінде тұрғындардың өз бетімен жарна аударуын жүйеге қатысушы барлық медициналық ұйымдарда төлем терминалдарын орнату жоспарланып отыр.

Жиналысқа РЭДСО бас директорының орынбасары Менханым Қалдыбаева және өңірлік штабтын мүшелері қатысты. Алғашқы сөзді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев бастады.
Қор филилалы директорының айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесі барлық төлеушілер үшін бірдей сенімді және тиімді. Азаматтар, жұмыс берушілер және мемлекет денсаулық үшін ортақ жауапкершілікте болады. Сонымен қатар, медициналық сақтандырудың барлық қатысушылары медициналық қызметтің бірыңғай сақтандыру пакетіне тең қолжетімді.

«Ешкім медициналық көмексіз қалмайды. Сақтандырылған азаматтар төленген жарналардың көлеміне қарамай, қымбат медициналық қызметтерді ала алады. Қазір санаты анықталмаған азаматтармен медициналық сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - деді, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.

А.Бейсенбаевтың пікірінше, Қор келесі қағидаттар негізінде жаңа бастамаларды ескере отырып, медициналық көмекті жоспарлау бойынша жұмыс жүргізді. Мәселен, ТМККК шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмекті басым қаржыландыру қамтамасыз етілді. МӘМС жүйесінде мектеп медицинасын қаржыландыру қарастырылған, консультациялық-диагностикалық көмек пен медициналық оңалтуды қаржыландыру көлемі айтарлықтай кеңейтілді. Бұдан басқа, тариф құру кезінде есептемелерде дәрігерлердің еңбекақысын 30%-ға дейін, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20% - ға дейін кезең-кезеңмен арттыру, өңірлердің демографиялық және эпидемиологиялық көрсеткіштерін, медициналық қызметтер мен халықаралық тәжірибені тұтыну көлемі ескерілді.
Филиал ТМККК және МӘМС шеңберінде қызметтер пакеттері және бизнес-процестер бойынша оқу жұмыстары жүргізілді. Аймақта 428 спикер және 24 372 медицина қызметкерлері оқытудан өтті.
Қазіргі уақытта Қордың "Saqtandyrý" ақпараттық жүйесі іске қосылды, ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Еңбек Министрліктерінің және медициналық ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Емхананың немесе аурухананың медициналық ақпараттық жүйесі «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесінен тұтынушының сақтандырылғаны немесе сақтандырылмағаны жайлы мәліметтерді алады. Соған қарай көмек кепілдендірілген тегін медициналық қызметтердің есебінен, я болмаса, кеңейтілген сақтандыру пакеті есебінен төленеді.
Сондай-ақ, жұмысшы топ облыстық клиникалық ауруханасында, туберкулезге қарсы күрес диспансерінде, Ордабасы, Отырар, Түркістан орталық ауруханаларында және Түркістан қалалық емханасындағы МӘМС бойынша жасалып жатқан дайындық шараларының жай-күйімен танысты.