​ТҮРКІСТАН: Облыста мал базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді

0
863

Санитарлық нормаларды сақтай отырып, аптаның жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етілді.


​ТҮРКІСТАН: Облыста мал базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді

иллюстрациялық фото

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңадан қабылданған қаулыға сәйкес 03 қарашадан бастап облыс аумағындағы мал базарлары санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, 30%-дан асырмай толтырумен, аптаның жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік және санитариялық-дезинфекциялық талаптарды мұқият сақтауға шақырамыз. Кез-келген мерей тойлар, еске алу, шығарып салу, құдалық, той, беташар және тағы басқа жиындарды өткізбеуді сұраймыз.
Сонымен қатар әр жеке тұлға жеке бас гигиенасын сақтай отырып, көшеде, қоғамдық орындарда, адамдар көп жиналатын объектілерде міндетті түрде бетперделік режимді және әлеуметтік ара қашықтықты сақтауды сұраймыз. Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда!