​Түркістан облыстық кәсіподақ орталығы 20 отбасыға қаржылай және азық-түлікпен көмек көрсетті

0
2 667

Түркістан облыстық кәсіподақ орталығы Астананың 20 жылдығына орай әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға қаржылай көмек беріп, азық-түлік таратты.


​Түркістан облыстық кәсіподақ орталығы 20 отбасыға қаржылай және азық-түлікпен көмек көрсетті


ERNUR.KZ. Түркістан облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов Астананың 20 жылдығына орай әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға қаржылай көмек беріп, азық-түлік таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Берік Бекжанов аталмыш іс-шараны Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақ ұйымдары бірлесіп ұйымдастырып отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар облыстық кәсіподақ орталығының жанынан әлеуметтік орталық ашылған. Оның негізгі мақсаты аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету болып табылады.

Осы шараны ұйымдастырушы азаматтардың бірі - Түркістан облыстық ауылшаруашылығы саласы кәсіподақ комитетінің төрағасы Барлыбай Қуандықовтың сөзіне қарағанда көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасы мүшелеріне азық-түлік қораптары (ішінде ұн, пісте май, макарон, қарақұмық, шай т.б.) таратылды. Қораптардың жалпы салмағы 400 кг-ға жетеді. Сонымен қатар, оларға 10 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмек берілді. Болашақта мұндай қайырымдылық шаралары жалғасын табатын болады.