ТҮРКІСТАН: Облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
437

Облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесулерінде жол бойынша көтерілген мәселелері назарға алынып, жұмыстар жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Түркістан өңірінде облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына орай облыстағы маңызы бар жолдар жөндеуден өтуде. Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Бәйдібек ауданындағы жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-122 «Таңатар елді мекеніне кіреберіс» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары іске асырылуда.


Сметалық құжаттамаға сәйкес, 3,4 шақырым жолдың ескі асфальт қабаты толығымен жаңартылатын болады. Сондай-ақ елді мекен ішіне аяқжол, заманауи үлгідегі диодты жарықтандыру шамдары қарастырылған. Нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.


Айта кетейік, облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесулерінде жол бойынша көтерілген мәселелері назарға алынып, жұмыстар жүргізілуде. Биыл Бәйдібек ауданының автомобиль жолдары саласын дамытуға қажетті қаржы бөлініп, 56,6 шақырымды құрайтын 37 нысанға жөндеу жұмыстары басталды. Оның ішінде: облыстық маңызы бар 3,4 шақырымды құрайтын 1 нысан орташа жөндеуден өтсе, 9,5 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 2 жол және елді мекендерде 43,7 шақырым көше орташа жөндеумен қамтылуда.