ТҮРКІСТАН: Облыстық мәслихатқа «Ақ жол» және «Ауыл» партияларынан ұсынылған кандидаттар тізімі

0
3 033

«Ақ жол» партиясының атынан 4 кандидат ұсынылған.


ТҮРКІСТАН: Облыстық мәслихатқа «Ақ жол» және «Ауыл» партияларынан ұсынылған кандидаттар тізімі

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына «Ақ жол» және «Ауыл» партияларынан 8 үміткер ұсынылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еске сала кетсек, 10 қаңтар күні өткен сайлау нәтижесі бойынша «Nur Otan», «Ақ жол» және «Ауыл» партиялары үздік үштікті түйіндеген. Осы орайда жеңіске жеткен әр партия Түркістан облыстық мәслихатына ұсынылған кандидаттар тізімін жариялады.

Атап айтсақ, Түркістан облыстық мәслихатына «Ақ жол» партиясының атынан САЛЫҚБАЕВ Абзал Мырзаханұлы, КУШЕНОВ Сұлтан Бахытұлы, ОРМАН Анарбек Онғарұлы және ҚҰРБАНАЛИЕВ Абдирасул Жантілесұлы ұсынылған.

Ал, «Ауыл» партиясының атынан ЕРЕЖЕПОВ Серкебай, ҚАЛМҰРАТОВ Төрегельді Оразалиұлы, КӘРІМБАЕВ Сейтжапар Ноянұлы мен ШИМЕЛЬКОВА Роза Жұмақылышқызы ұсынылған.

Айта кетейік, мұның алдында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәслихатына ұсынылған кандидаттар тізімін жариялаған болатын.