Түркістан облысы бизнесті жүргізу рейтингінде үздік атанды

0
2 299

6 мыңдай жұмыс орны құрылды.


Түркістан облысы бизнесті жүргізу рейтингінде үздік атанды

Құрылған сәттен бастап Түркістан облысында 600 млн. АҚШ долларын құрайтын 91 жоба жүзеге асқан, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен 25 ірі инвесторлардың қатысуымен Түркістан облысы инвесторлары Өңірлік кеңесінің онлайн отырысы өтті.

Аталған жиында белгілі болғандай, өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде еліміздің үздік өңірі деп танылды. Сондай-ақ облыс өңір инвестициялардың (+60%) және құрылыстың (+66%) өсу қарқыны сияқты көрсеткіштер бойынша абсолюттік көшбасшы болып табылады. Құрылған сәттен бастап Түркістан облысында 600 млн. АҚШ долларын құрайтын 91 жоба жүзеге асып, шамамен 6 мыңдай жұмыс орны құрылды. Алдағы төрт жылда 1,5 трлн. астам сомаға 93 жобаны іске асыру күтілуде. Осылайша келешекте 21 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

«2021 жылдың соңына қарай 306 млрд. теңгенің 62 жобасы іске қосылады деп күтілуде. Осылайша 3 802 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Шетелдің қатысуымен 1071 жұмыс орнын құрумен 164,1 млрд. теңге сомасына 12 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда», – деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Оның айтуынша, инвестициялардың негізгі үлесі туризмді, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК), өңдеу өнеркәсібі мен АӨК-ні дамытуға бағытталатын болады. Айта кетейік, Түркістан облысы жаңартылатын энергия көздері саласында айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие. Өңір электр энергиясын нетто-импорттаушы болып табылады және өзінің қуаттылығы есебінен жалпы қажеттіліктің 20%-ын жаба алады. Қазіргі уақытта өндірілетін электр энергиясының барлық көлемі ЖЭК-ке тиесілі (97%).