Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

0
2 301

2010-2018 жылдары Шымкент қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып еңбек етіп келген.​


Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Әлібек Балықбайұлы Тілегенов Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ротация тәртібімен тағайындалған жаңа лауазым иесін облыс әкімі Ж.Түймебаев қабылдап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

«Салық мемлекеттің кіріс көзінің басты қаржылық құралы. Барлық елдерде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселесіне үлкен мән беріледі. Нарықтық қатынастар қалыптасқан мемлекеттерде салықтар экономиканы басқарудың негізгі күш құралы болып табылады. Бүгінде Елбасының Жарлығымен Түркістан қаласы облыс орталығы болып, Шымкент еліміздегі үшінші мегаполисті қалаға айналды. Енді алда атқарылар іс көп. Сондықтан да Сізді салық механизмін жетілдіріп, оны ары қарай дамытады деп сенім білдіремін», - деді облыс әкімі.

Әлібек Балықбайұлы Тілегенов еңбек жолын 1983 Мақтаарал ауданы Коммунизм совхозы «Трудовосток» бөлімшесінің бухгалтері болып бастаған. Ол әр жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі аудандық басқармасының экономисі, аға және бас экономисі, аудан әкімінің орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік салық инспекциясы салық комитетінің басқарма бастығының орынбасары, мемлекеттік Кіріс министрлігінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, Тараз қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы, Жамбыл, Қарағанды облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2010-2018 жылдары Шымкент қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып еңбек етіп келген.