Түркістан облысы оқушыларының қанша пайызы демалыспен қамтылатыны белгілі болды

0
1 431

Бүгінгі таңда 4 аусыммен баланы қабылдап жатқан қала сыртындағы лагерлерде 15 мыңнан астам бала сауықтырылды.


Түркістан облысы оқушыларының қанша пайызы демалыспен қамтылатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Түркістан облысында жазғыкезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын және сауықтырылуын тиімді ұйымдастырумақсатында қала сыртында 24 лагерь мен905 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда 4 ауысыммен баланы қабылдап жатқан қала сыртындағы лагерлерде 15 мыңнан астам бала сауықтырылды. Ал 17 мыңға жуық бала шілде, тамыз айларында аталған лагерлерде демалдыру жоспарланған. Бұдан бөлек, 905 мектеп жанындағы лагерде 193 мыңнан астам оқушы жазғы уақытын тиімді өткізген. Бұл өңірдегі оқушылардың 32,2 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, Түлкібас ауданындағы «Самал» лагерінде облыстағыбес балалар үйінің350-ге жуық тәрбиеленушілері жаз бойы демалады.

Бұған қоса, жаз бойы балаларды экскурсия, саяхатқа апару жұмысы жалғасын табуда. Мәселен, республикалық өлкетану акциясы аясында 200 бала маусым, шілде айларында «Астана – менің Отанымның елордасы» атты әлеуметтік жоба негізінде Астана қаласына саяхатқа жіберілді. Ал, туған елдің мәдениеті мен тарихын неғұрлым терең зерделеу, тарихи орындардың алуан түрлілігі мен ерекшеліктері туралы білім алу мақсатында шілде айының2-9 аралығында облыстан 70 оқушы Қостанай облысы Арқалық қаласына саяхатқа барып қайтты. Сонымен қатар, өңірдіңтарихи мұражайларына саяхат жасау мақсатында «Облыс тарихы» атты үш күндік керуен-шеруіакциясы өткізіліп, оған облысымыздан аз қамтылған отбасылардан шыққан 150 оқушы қатыстырылды.


Биылғы жаз мезгілінде оқушыларды барлық сауықтыру және демалыс шараларының түрлерімен қамту 95-ға пайызға жетпек.