Түркістан облысында 13 000 құрылысшы жұмыспен қамтылған

0
897

Мақтаарал аудандағы құрылыс алаңында 29 мердігер мекеме, 1400 жұмысшы мен 87 арнайы техника құрылыс - монтаж жұмыстарына жұмылдырылған.


Түркістан облысында 13 000 құрылысшы жұмыспен қамтылған

Түркістан облысындағы құрылыстарға 9 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары тынымсыз жүргізіліп келеді. Атап өтсек, жаңа ықшам ауданда 115 үйдің құрылысы толық аяқталып, жалпы 386 үйдің іргетасы мен қабырғасы қаланған. Басым бөлігінің шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы және өзге де маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездемеде ортаға салынды. Осы орайда Мақтаарал ауданындағы құрылыс барысы туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпалиев баяндама жасады.

"Жалпы Түркістан облысы бойынша құрылыста 9000-нан астам, ал Түркістан қаласында 4 мыңнан астам жұмысшылар жұмылдырылған. Барлық құрылыс нысандарында елдегі карантин талаптары қатаң сақталуда. Жұмысшылар тиісті сақтық шараларын қатаң ұстанып жұмыс істеуде. Түркістан қаласында құрылысы тоқтаған нысандар жоқ", - дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Мақтаарал аудандағы құрылыс алаңында 29 мердігер мекеме, 1400 жұмысшы мен 87 арнайы техника құрылыс - монтаж жұмыстарына жұмылдырылған. Мырзакенттегі жаңа тұрғын ауданда 1200 орындық мектеп, 280 орындық балабақша және дірігерлік амбулатория мен полициялық участок құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Фердауси ауылынан дәрігерлік амбулатория мен полиция бекеті, Өргебас ауылынан фельдшерлік-акушерлік пункт пен полициялық бекет салынып жатыр.