Түркістан облысында 22,5 шақырым ауызсу жүйесі тартылды

0
511

7500 тұрғын ауыз сумен қамтылады.


Түркістан облысында 22,5 шақырым ауызсу жүйесі тартылды

Сарыағашта ауыс су мәселесі басты назарға алынған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев жұмыс сапарымен Сарыағаш қаласындағы Көктөбе және Телемұнара мөлтек аудандарында болды. Мұнда аудан басшысы ауыз су мұнарасының және су құбырлары құрылысының барысын тексерді. Айта кетсек, бұған дейін ауыз су мәселесі мөлтек аудан тұрғындарының жанына батқан мәселенің біріне айналған-тұғын.

Сондықтан аудан басшысы бұл өте аз көрсеткіш екенін ескертіп, судың сапасын бақылауды, ол үшін жұмысты жүйелеп, мердігер мекемемен бірге істі ілгерілетуді тиісті мекеме басшыларына тапсырды.

Қазіргі таңда мердігер мекеме «SK Ingenereeng Tehnology» ЖШС тарапынан 22,5 шақырым су құбырлары жүргізіліп, ауыз су құдықтары мен су сақтау қоймалары орнатылған. Мөлтек аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен ауыз су берілуде.

Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін елді мекендегі 1500 абонент, яғни 7500 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.