Түркістан облысында 4 бірдей көлік соқтығысқан ірі жол апаты орын алды

0
1 850

Көліктердің бірі оқиға орнында отқа оранған.


Түркістан облысында 4 бірдей көлік соқтығысқан ірі жол апаты орын алды

фото: ашықдереккөзден

Бүгін Түркістан обылысы Қазығұрт ауданында үлкен жолда бір бағытқа кетіп бара жатқан 4 бірдей көлік соқтығысып жол апаты орын алды. Көліктердің бірі оқиға орнында отқа оранған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жол апаты салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында Түркістан облысының жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. Жол апатының себептері анықталуда.
Түркістан облысының полициясы жүргізушілерді жол ережесін сақтауды, әсіресе қолайсыз ауа райында жолда мұқият болуды ұсынады.