​Түркістан облысында 5 ай бұрын жоғалған 14 жастағы оқушы қыз табылды

0
1 934

Ол Шымкентте жұмыс істеген.


​Түркістан облысында 5 ай бұрын жоғалған 14 жастағы оқушы қыз табылды

Түркістан облысында полицейлер жарты жылға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен оқушы қызды тауып, ата-анасына табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

14 жастағы қыз бала Түлкібас аудандық мектеп-интернатының тәрбиеленушісі болған. Интернаттың меңгерушісі оқушы қыз із-түзсіз жоғалғаны туралы жергілікті полиция бөлімінен арызданады. Арызданушының айтуынша, кешкі уақыт шамасында14 жасар оқушы қыз интернаттан қашып кетіп, содан қайтып келмеген.

Жедел-іздестіру нәтижесінде түлкібастық полицейлер қызды бес ай өткен соң, Шымкент қаласынан тауып, ата-анасына дін-аман күйінде тапсырды. Бүгінгі күні оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ. 14 жасар қыз баланың өзі осы уақыт аралығында Шымкент қаласында жүріп, жұмыс істегенін мойындады. Қазіргі таңда Түлкібас АПБ-нің полицейлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.